{metadescription}
Доллар бағасы тағы да көтеріліп барады
Доллар бағасы тағы да көтеріліп барады

Доллар бағасы тағы да көтеріліп барады

Доллар бағасы қайта шарықтады. Бүгін ақша айырбастау пунктерінде АҚШ валютасы 388 теңгеден сатылды. Елді елең еткізген оқиға арада көп уақыт өтпей екінші рет қайталанып отыр. Себебі, жақында ғана 1 доллар 385 теңгеден саудаланған еді.

Сарапшылар доллардың теңгеге шаққандағы бағамының тағы да рекордтық көрсеткішке жетуін әр түрлі бағалайды. Тамыз айы теңгенің тынышын алады деген мамандар, Ресей рублінің әлісереп, мұнай бағасының төмендуі ұлттық валютамызға айтарлықтай соққы екенін айтады. Мәселен, Brent маркалы мұнайдың бағасы 1,6 пайызға арзандап, баррелі 61,16 долларға дейін түсті. Өткен аптада солтүстіктегі көршімізге салынған санкция және АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы да төл ақшамыздың құтын қашырмақ. Экономистер доллардың құны 390 теңгеден аспауы керек дегенімен, жағдайдың қалай өрбитінін болжау қиындығын жасырмады. Бірақ, мамандар доллар көтерілді екен деп ақша айырбастау пунктеріне тұра жүгірмеуге кеңес береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде