{metadescription}
Қоқыс тастау тыйылар емес. Алатаудың әсем табиғатына қауіп төніп тұр
Қоқыс тастау тыйылар емес. Алатаудың әсем табиғатына қауіп төніп тұр

Қоқыс тастау тыйылар емес. Алатаудың әсем табиғатына қауіп төніп тұр

Алатаудың әсем табиғатына қауіп төніп тұр! Өйткені сирек кездесетін өсімдіктерге бай шатқалдарда қоқыс тастау тыйылмай жатыр. Одан қалды, мәңгі жасыл шыршалардың түбінде от жағып, кәуәп пісіретіндер көбейген. Тау басында сауық құрғандарға орманшылар да қарсы тұра алар емес. Себебі, демалушылардың кейбірі олардың сөзін тыңдамақ түгілі, қайта өздеріне қоқаң-лоққы көрсеткен.

Үлкен Алматы көлі – Алатаудың ең сұлу су айдындарының бірі. Оны көру үшін тек еліміздің ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен туристер келеді. Сұлулығынан көзі сүрінетін жердің, өкінішке қарай, дәл қазіргі кезде қоқыстан аяқ сүрінеді.

Ал көлдің жағасы тура көк базарға айналғандай. Ығы-жығы көлік пен аяқ астында шашылып жатқан тамақ қалдықтары. Мұнда бір емес, бірнеше қоқыс жәшігі қойылған. Бірақ соған қарамастан, бос құтылар мен желінген тамақ жасыл желектің арасында жатыр. Өзіміз куә болғанымыздай, көлді көруге келгендер қоқысты көліктен шығып тастауға ерінеді екен. Онымен қоймай, қатаң тыйым салынғанына қарамастан, таудың басына көмірді қабымен әкелген.  

- Мұнда от жағуға болмайтынын сіз біліп пе едіңіз?

- Жоқ, білген жоқпын. Білсек, бұлай істемейміз ғой. Ешкім айтпады.

- Мына ошақты өздеріңіз істедіңіздер ме? 

- Қандай ошақты?

- Өшіріп жатқан ошағыңызды.

- Жоқ.

- Сіздер кәуәп пісірдіңіздер ғой.

- Пісірген жоқпыз. 

Көз алдымызда кәуәп пісіргендер үнсіз табан жалтыратты. Қоқыстың жанында дастархан жайғандар да кінәсін мойындамады. Керісінше, демалыстың ақысы төленіп қойған деп бет бақтырмады.     

- Бізден қаншама ақша жинап алып отыр. Сондықтан мынаны жұмсышыларға жинатуы керек қой. Тастап кете берген. Біз өзіміздің қоқыстарымызды жинап отырмыз, салып отырмыз бәрін.

- Сонда сіз келгенге дейін болды ғой мұнда?

- Әрине.

Жалпы, Алатау бөктерінде қоқыс тастағандарға 25 мың, ал от жаққандарға 250 мың теңге айыппұл салынады. Бірақ, оны салуға орманшылар батпайды. Себебі, көбісі қолма-қол ұсталса да, «бастығыңа айтам» деп қорқытады екен. 

Райхан Мұхамеджанова, Іле Алатауы ұлттық бағының инспекторы:

- Мойындамай, жаман сөздер айтып, аты-жөнімізді сұрап, «құртам, жоям» деп, өзімізге қоқаң-лоққы көрсететін жағдайлар кездесіп тұрады. Айыппұл төлеуден көбі қашады. Құжаттарын бермей жатады. Сондықтан көп жағдайда біз оларға құр ескерту жасап қана кетеміз.

Туристерден қалған қалдықты жинап, табанынан таусылған инспекторлар тіпті қымбат көлікпен келетін танымал тұлғалардың да тауға жаны ашымайтынын айтады. 

Райхан Мұхамеджанова, Іле Алатауы ұлттық бағының инспекторы:

- Жап-жақсы киінген әп-әдемі адамдар таңертең барғанымызда, «бәрін жинап кетеміз» дейді. Артынан әдейі келіп қарасақ, қоқыстары шашылып жатады. Мен өтірік айтпаймын. Келушілердің 80-85 пайызы осылай тастап кетеді.

Орманшылардың айтуынша, күйген жерге енді көк шықпайды екен. Одан қалды, өшпеген шоқтан жер асты өрті басталып, шыршалардың тамыры зардап шегетін көрінеді. Бірақ оны түсінетін турист жоқ.

Жаңылсын Сиқова, Іле Алатауы ұлттық бағының эколог-инспекторы:

- Нашар қылықтарын көрсетіп, қоқыс тастағандары аздай, «ол біздікі емес, бұрыннан қалған» дей салады.

Демалушылар бұлақтың басын да былғаған. Кезекті тексеруге шыққан инспекторлар сондай бірнеше адамды ұстаса да, «мен» деген ешкім болмады.   

Құрмангүл Мұстафаева:

- Керісінше, біз оларды жинап тастадық.

- Ал ана қарбыз ше? Ол ескі емес қой.

- Білмеймін, ол біздікі емес. Мына кісілерден сұраңыздар. Бізге дейін жеген біреу.

Осылайша, бұл жолы да ешкім жауапқа тартылмады. Десе де, ілуде біреуі түсініп, шашқан қоқыстарын жәшікке тастады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде