{metadescription}
Дания Еспаева: Бірнеше рет әйел зорлағандарға кастрация жасау керек
Дания Еспаева: Бірнеше рет әйел зорлағандарға кастрация жасау керек

Дания Еспаева: Бірнеше рет әйел зорлағандарға кастрация жасау керек

Әйел зорлауды ауыр қылмыс санатына жатқызып, сотталғандарды мерзімінен бұрын босап шығу мүмкіндігінен айыру керек. «Тұлпар-тальго» пойызындағы шулы оқиғадан кейін ашуға булыққан Мәжіліс депутаты Дания Еспаева заңға осындай өзгеріс ұсынатынын мәлімдеді.

Дания Еспаева, Мәжіліс депутаты:

- Депутат және әйел ретінде заң жүзінде зорлаудың кез келген түрін ауыр қылмыстардың қатарына жатқызуды, осылайша айып мерзімін ұзартып, мерзімнен бұрын шартты босату мүмкіндігінен айыруды сұраймын. Мұндай қылмысқа қатысты сот ісінде адамгершілік қағидалары қарастырылмауы тиіс. Мен және фракция бойынша менің әріптестерім тиісті заңға осындай түзетулер дайындаймыз.

Жолаушы әйелді зорлаған пойыздың екі жолсерігі заң бойынша қарастырылған мерзімнен екі есе аз уақытқа, яғни, 2 жарым жылға қамалған еді. Депутатты ашуға булықтырған осы жайт екен. Екі жолсерікті нақұрысқа теңеген Еспаева олардың ауыр жазадан сытылып кеткеніне налиды. Сондай-ақ, ол педофилдерге қарастырылған химиялық кастрация жазасын бірнеше рет әйел зорлағандарға да қатысты қолдану керектігін жеткізді. Айта кетейік, ресми дерек бойынша, биылдың өзінде елімізде 799 зорлау дерегі тіркелген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде