Әйгілі «Дордой» базарында өрт болды
Қырғызстандағы «Дордой» базары отқа оранды. Өрт тұрмыстық техника қоймасынан шыққан. Кешкі уақытта тұтанған жалын лезде күш алып, 1500 шаршы метр аумақты шарпыған. Салдарынан екі адам зардап шегіп, медициналық көмек көрсетілді. Қазір өмірлеріне төніп тұрған еш қауіп жоқ.
Автор: Салтанат Шырынхан
05.08.2019
Орталық Азияның ең ірі базары саналатын «Дордой» сауда орталығының қоймасында өрт кешкі 8-дер шамасында бас алған. Оқиға орнына 6 өрт сөндіру бригадасы жұмылдырылды. Лезде күш алған жалынды өшіру оларға оңай соқпапты. Өйткені, қоймадағы тұрмыстық техникада жаңғыш заттар бар болған. Осылайша алау тек 12 сағаттан кейін әрең ауыздықталған. Тілсіз жаудың кесірі айналадағы аудандарға тиіп, олар жарықсыз отыр. Қазір құтқарушылар мен мамандар шығын көлемі мен өрттің себебін анықтап жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!