{metadescription}
Алматы облысында қасапханадан қашқан бұқа базардың тас-талқанын шығарды
Алматы облысында қасапханадан қашқан бұқа базардың тас-талқанын шығарды

Алматы облысында қасапханадан қашқан бұқа базардың тас-талқанын шығарды

Қазақша энсьерро. Алматы облысында қасапханадан қашқан жас бұқа базардың тас-талқанын шығарды. Бірнеше сауда нүктелерін қиратқан долылығына ешкім тосқауыл бола алмады. Қапелімде қайтерін білмей зәресі ұшқандар тым-тырақай жан-жаққа қашты.

Куәгерлердің бірі сол сәтті видеоға түсірген. Оқиға автокөлік базарында болған. Бір қызығы, ірі қара Гүлдала ауылынан 1 шақырым қашықтықта орналасқан қасапхандан базарға дейін қашып келген. Ашуға булыққаны соншалық келе сала аумақтың астан-кестенін шығарып, бет алды контейнерлерді сүзген. Оңайлықпен ұстатпаған тайыншаны қасапхана қызметкерлері базар ішінен бауыздап әкетті. Ал, оның қожайыны келтірілген шығынды сол сәтте-ақ өтеп беріпті. Әзірге полицияға ешқандай шағым түспеген.

Ернар Сайділдин, Алматы облысы Полиция департаментінің ресми өкілі:

- Тайыншаны ұстау барысында ол базардың аумағына кіріп кетіп, екі сауда орнына залал келтірген. Малдың иесі 62 жастағы Алматы тұрғыны болып шықты. Келтірілген шығын көлемі – 71 мың теңге. Және мал иесі шығынды оқиға орнында өтеп берді. Оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде