Өзбекстанда үш отандасымыз жол апатынан қаза тапты
Өзбекстанда 3 қазақстандық жол апатынан қаза тапты. Көз жұмғандардың екеуі 2013, 2016 жылы дүниеге келген балалар болса, үшіншісі 63 жаста. Тағы 3 адам ауыр жарақатпен ауруханаға түскен. Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, науқастар есін жиғанымен, ауыр халде жатыр.
Автор: Әсел Тұмашқызы
05.08.2019
Айбек Смадияров, Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:
- Жеңіл автокөлікте 7 адам болған. Оның ішінде кәмелетке толмаған екі бала бар. Олар Қазақстаннан Өзбекстанға өздерінің туысқандарына бара жатқан жерінен апатқа ұшырады.
Апат Науаи облысының «Нұрата-Жизақ-Фариш» автожолының 136-шы шақырымында болған. 7 жолаушы мінген «Нексия» жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Исузу» жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Дипломаттар зардап шеккендерге көмек көрсетуде. Дегенмен, қаза тапқандардың туыстары ажал құшқандарды Өзбекстанда жерлеуді ұйғарыпты. Бұдан бөлек, Алматыдан Нүкіске бағыт алған жолаушылар автобусы Бұқар облысында аударылып қалды. Соның салдарынан 1 адам қаза тапты. Зардап шеккен 10 жолаушының алтауы – Қазақстан азаматтары.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!