{metadescription}
«Тіршілік нәрін тасып ішеміз». Ақтөбенің іргесіндегі ауыл су мен жарыққа жарымай отыр
«Тіршілік нәрін тасып ішеміз». Ақтөбенің іргесіндегі ауыл су мен жарыққа жарымай отыр

«Тіршілік нәрін тасып ішеміз». Ақтөбенің іргесіндегі ауыл су мен жарыққа жарымай отыр

Ақтөбе іргесіндегі Елек ауылының тұрғындары су мен жарыққа жарымай отыр. Соның кеcірінен жер алған жүздеген тұрғын құрылысын бітіре алмай әлек. Екі жыл ішінде баспанасын тұрғызып болмаса мемлекет жерлерін тартып алады. Шенеуніктер жер бермес бұрын жарық пен суды реттеп беру керек еді дейді ашынған тұрғындар.

Ерғос Ділманов он бес жыл кезекте тұрып, Елек ауылынан жер алған. Бір жыл бойы жердің құжатын рәсімдеп жүріпті. Енді биыл үй салмаса қаншама жыл бойы күткен жерінен айырылып қалуы мүмкін. Жарық пен судың жоқтығы құрылысқа қолбайлау болып отырғанын айтады.

Ерғос Ділманов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Комуникация жүргізіп беруі керек қой. Жағдай жасап. Жарық керек. Ең қиыны – сол жарық пен су жоқ. Тіршілік нәрін тасып алып отырмыз. Су тасушы көлік жалдаймыз. Келіп, құйып кетеді.   

Қарызданып-қауғаланып үй тұрғызғандардың өздері баспаналарына кіре алмай отыр. Жарық пен сусыз мұнда тұру мүмкін емес.

Амангелді Сәдуақасов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Мына жерде отыру мүмкін емес. Бірақ басқа амал жоқ. Не істеймін, салу керек. Ал ештеңе салмасаң, екі жылдан кейін жерді алып қояды дейді.

Елек ауылына су мен жарықтың қашан жүргізілетін шенеуніктердің өздері білмейді. Келер жылы тек жобаның құжатын жасаймыз деп отыр.

Болат Серіков, Ақтөбе қалалық ТКШ бөлімінің бас маманы:

- 2020 жылы сметалық құжаттама дайындағаннан кейін, сол қаражат бөлінуіне байланысты жүргізіледі. Және де осы жылы уақытша электр желісін жүргізіп беру жайы қарастырылып жатыр.

Соңғы үш жылда Ақтөбенің өзінде 26 мың жер телімін жеке баспанасын тұрғызатындарға беріпті. Инженерлік желілерді жүргізіп үлгере алмай жатқанымыздың бір себебі де осы дейді әкімдіктегілер. Сондықтан жер беруді тоқтатып қойған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде