Нұр-Сұлтанда жас ғалымдардың форумы басталды
Ақыл жастан шығады. Елордада жас ғалымдардың форумы басталды. Шараның өтуіне Тұңғыш президент қоры жанындағы ғылыми кеңес мұрындық болды.
Автор: Әсел Тұмашқызы
06.08.2019
Әсет Исекешов, Тұңғыш Президент қорының атқарушы директоры:
- Жастарға қолдау көрсету – қордың басты басымдықтарының бірі. Мысалы, он жылда барлық саладағы 258 жас қазақстандық Тұңғыш Президент қорының лауреаты атанды. Ал, форум жалғасатын осы үш күнде жастарөзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісіп, қандай да бір ұсыныс, резолюция әзірлеп шығарады деп үміттенемін.
Burabay Forum – осымен үшінші жыл өтуде. Жыл сайын түрлі елден келген 100-ден астам жас ғалым ғылым, білім, инновация саласындағы өзекті мәселелерді талқылайды. Биылғы шараға Түркия, Литва, Венгрия, Қытай, Украина мен Франция сияқты 12 елдің жас ғалымдары қатысты. Форум 3 күнге жалғасады. Алдымен, қонақтар бас шаһарда тәжірибе алмасады. Кейін Бурабайда бас қосады. Онда секциялық отырыстар және дискуссиялық алаңдар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, форум барысында мамандар Президенттің кадрлық резерві жайындағы көкейкесті сұрақтарына жауап берді.
Анар Жайылғанова, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің төрайымы:
- Бірінші қыркүйектен бастаймыз. Оған дейін бізде дайындық жұмыстары жүргізіледі. Резервке қатысудың өзі бірнеше этаптан тұрады. Ең бастысы, бұл сандық форматта өтеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!