{metadescription}
«Бәрін қадағалап отыру мүмкін емес» - басшылар түрмедегі азаптау туралы
«Бәрін қадағалап отыру мүмкін емес» - басшылар түрмедегі азаптау туралы

«Бәрін қадағалап отыру мүмкін емес» - басшылар түрмедегі азаптау туралы

Түрмелерде жазасын өтеушілер бұдан былай саппен жүрмейді, мемлекеттік әнұран айтуға да міндетті емес. Ал жуырда ғаламторда тараған жазасын өтеушілерді азаптау дерегінен кейін қылмыстық атқару жүйесі комитеті толыққанды тексеруге кіріспек.

Жанна Назарова, Халықаралық түрме реформасы ұйымының Орталық Азиядағы өкілдігі директорының орынбасары: 

- Саппен жүргізуге, мемлекеттік әнұран айттыруға түбегейлі тыйым салынды. Жазасын өтеушілер осы мәселелер бойынша көп шағымданады. Бұл заң жүзінде қарастырылмаса да, іс жүзінде ұшырасып отыр.

Халықаралық ұйым өкілдері Қылмыстық атқару жүйесі комитетімен бірлесіп осындай шешімге келіп отыр. Сонымен қатар, ұйым өкілінің айтуынша, соңғы үш жылда Қазақстан түрмелерінде 53 азаптау дерегі тіркелген. Қылмыстық атқару жүйесінде соның тек 13-ін ғана айтылады дейді. Оның көбі ішкі істер органдарында болған. Яғни сотқа дейінгі тергеу кезінде. Ал жуырда әлеуметтік желілерде тараған түрмеде жазасын өтеушіні азаптап жатқан бейнежазбаны комитет өкілдері жалғыз оқиға деп түсіндірді. Оның үстіне бәрін қадағалап отыру мүмкін еместігін айтты. Дегенмен, осы жағдайдан кейін мамандар түрмелерді түгел тексеруге кіріспек.

Теңізжан Жәнібеков, Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары:

- Мекемелерді аралаған кезде сотталғандармен сөйлесіп, сосын дене жарақаттары болса, тез арада анықтап суретке түсіріп, сараптама тағайындап, арызын алып, тексеру жүргіземіз. Әрине, егер ондай оқиғалар болып жатса. Ал сіздің айтып отырғаныңыз – видеоға түскен бір дерек қана. Ол бойынша қылмыстық іс қозғалып, адамдар жауапқа тартылып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде