Қарағандыда 1 гектар жерге қарасора егілгені анықталды
Қарағанды қаласының маңында 1 гектар жерге егілген қарасора анықталды. Есірткі заты жасалатын шөптің иесі табылмағанымен полицейлер жабылып жүріп «жаман шөптің» көзін құртты.
Автор: Саят Сабдалы
06.08.2019
Айдалада өскен өсімдіктің есірткі екенін жұмысына төселген мына қара ит те растаған. Арасына кіріп шығып, қыңсылаған соң полицейлерде шүбә қалмады. Ең қызығы қала іргесінде 1 гектар жерде өсіп тұрған қарасораны осы уақытқа дейін ешкім байқамаған болып тұр. Бір тұрғын ғана зер салып қараған соң полицейлерге хабарлапты. Тәтіп сақшылары бұл өсімдіктер біреудің бағып қағуынсыз жабайы түрде таралғанын айтып отыр. Дегенмен, осы жерден жиналған есірткі өнімінің салмағы 400 келіден асып түскен.
Александр Базук, Қарағанды облыстық ПД есірткі қылмысымен күрес бөлімінің бастығы:
- Қарасораның бір түбін де қалдырмай жұлып жинадық. Енді сараптама тағайындалып, қортындысы шыққаннан кейін мұның барлығының көзі жойылады. Арнайы комиссияның көзінше қаладағы бір мекеменің пешіне жағылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!