{metadescription}
Алматыда психологты кастетпен ұрған адам қамауға алынды
Алматыда психологты кастетпен ұрған адам қамауға алынды

Алматыда психологты кастетпен ұрған адам қамауға алынды

Алматыда психологты кастетпен ұрған адам ақыры қамауға алынды. Беті оңбай жарақаттанған әйелдің туыстары жанжал шығарған соң сот 28 жастағы күдіктіні тергеу қапасына жіберді. 

Оқиға Светлана Божконың өз үйінің ауласында болған. Әйелдің артынан еріп кірген ер адам оны кастетпен оңдырмай ұрған. Салдарынан келіншектің түрінен түр қалмаған. Бұзақы психологтың мұрнын бұзып, жағын сындырған. Дәрігерлер әйелдің тыныс жолдарын ашу үшін 4 сағатқа жуық ота жасаған болатын. Ал, Светлана Божконы адам танымастай халде түсірген 28 жастағы таксист жігіт боп шықты. Туыстары полицейлердің оны біліп тұрып, бостандыққа жібере салғанын айтып, шағымданған еді. Бірақ бұл жағдай жұртқа жария болған соң күдікті көп ұзамай қамауға алынды. Мамандандырылған ауданаралық сот әйелдің тұмсығын бұзған бұзақыны тергеу аяқталмайынша абақтыға жабуды ұйғарды.    

Абай Жарылқасын, Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің бас маманы:

- Мейірім Сабырбаевқа қатысты екі ай күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы санкцияланды. Ол ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағында көзделген қылмысты, яғни бұзақылық жасады деген күдік бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде