{metadescription}
Нұр-Сұлтанда ересек адам жасөспірімді ұрып тастады
Нұр-Сұлтанда ересек адам жасөспірімді ұрып тастады

Нұр-Сұлтанда ересек адам жасөспірімді ұрып тастады

Нұр-Сұлтанда ересек адам жасөспірімді ұрып тастады. Кикілжің Есілдің оң жағалауындағы аулалардың бірінде болған. Таспа әлеуметтік желіде таралып, қызу талқыланып жатыр.

София Қылышбекова, Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

- Оқиға 5 тамызда кешкі сағат 8-де болған. Осы жағдай бойынша тексеріс жүріп жатыр. Куәгер де бар. Ол түсінік берген. Оқиға орнында болған басқа да адамдар анықталып жатыр.

Видеодан 4 жаспөрімнің әңгіме-дүкен құрып отырғанын байқауға болады. Кенеттен осы үйдің подъезінен шыққан ер адам төртеудің біреуіне тап береді. Соңында жас жігітті жерге сұлатып, ұра бастайды. Аулада жүргендер оларды ажыратып әлек. Ақырында белгісіз әйел подъезден шығып, соққы жұмсаған ер адамды ішке кіргізіп алады. Дегенмен, бүгінге дейін осы оқиғаға қатысты полицияға ешкім шағым түсірмеген. Алайда, тәртіп сақшылары видеоны жан-жақты зерттеуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде