{metadescription}
Ақтөбе облысында жарты миллионнан астам қорап темекі шекарадан заңсыз өткізілмек болған
Ақтөбе облысында жарты миллионнан астам қорап темекі шекарадан заңсыз өткізілмек болған

Ақтөбе облысында жарты миллионнан астам қорап темекі шекарадан заңсыз өткізілмек болған

Ақтөбе облысында жарты миллионнан астам қорап темекіні шекарадан заңсыз өткізбек болғандар ұсталды. Олар контрабандалық тауарды көршілес Ресейге жеткізбек болыпты.

Күдіктілер жүк көлігінің жартысына қарбыз тиеп, темекі қораптарын соның астына жасырады. «Жайсаң» бекетінде тексеруден өтерде арам ойлары іске аспай қалды. Кірістер департаментінің мамандары 612 мың қорапқа салынған темекінің ешбір құжаты болмағанын айтады. Қазір күдіктілерді тергеп жатыр.

Ерболат Мұратов, Ақтөбе облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы міндетін атқарушы:

- Қарбыз астына акциз маркалары, ілеспе құжаттары жоқ 612 мың қорап темекі табылды. Осы дерек бойынша барлық материалдар Ақтөбе облыстық экономикалық тергеу департаментіне берілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде