{metadescription}
Сағынтаевтың тапсырмасынан кейін Алматы жезөкшелерден тазарып жатыр ма?
Сағынтаевтың тапсырмасынан кейін Алматы жезөкшелерден тазарып жатыр ма?

Сағынтаевтың тапсырмасынан кейін Алматы жезөкшелерден тазарып жатыр ма?

Түнгі көбелектерге тықыр таянды ма? Алматының әйгілі Сейфуллин көшесінің бойында шаһарға жаңа әкімнің келуімен жеңіл жүрісті қыздар азайыпты. Полиция департаменті күнделікті жүргізілетін рейд өз нәтижесін бергенін айтады.                                                   

Алматы әкімі қызметіне тағайындалған Бақытжан Сағынтаевтың алғашқы тапсырмаларының бірі жезөкшелерден қаланы тазарту болатын. Айналдырған бір айдың ішінде құзырлы органдардың құрығына мыңнан астам бикеш түскен. Сондай-ақ, жеңгетайлар мен қыздарды шақыртуларға таситын жүргізушілерді қосқанда 205 адам ұсталды. Оларға қатысты хаттама толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал, жезөкшелер айыппұл арқалаудан шаршаған секілді. Әзірге Сейфуллин даңғылынан ұшқан түнгі көбелектердің қайда барып тұрақтағаны белгісіз.

Гүлсім Баймахамбетова, қала тұрғыны:

- Күнделікті істеп жатыр. Бұрынғыдай ешқандай бардак жоқ. Қыздар да жоқ. Көшеде анау не дейді, таскалка дей ма ешқандай, ешкім де жоқ қазір. Жақсы жұмыс істеп жатыр. Тазалап тастады. 1 ай болды уже таза. Бұрынғыдай төбелес, ұрыс жоқ, айқай жоқ. Бәріміз тынышпыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде