Аллергиясы бар адамдар кей дәрі-дәрмекті рецептісіз алуға құқылы
Аллергиясы бар адамдар кей дәрі-дәрмек түрін рецептісіз алуға құқылы. Бұл жайында Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Осылайша, жауапты орган жаз мезгілінде аллергиясы асқынып кететіндерге жеңілдік жасауды ұйғарған.
Автор: Әсел Тұмашқызы
09.08.2019
Людмила Бұйрабекова, Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы:
- Бұған дейін дәрі-дәрмекті сату жолын күшейттік. Дегенмен қазір аллергия маусымы болғасын тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін жеңілдеттік. Енді тұрғыдар кей дәрі-дәрмек түрін дәрігердің рұқсатынсыз сатып алады.
Бұған дейін министрлік дәріханаларда ақ түйіршіктерді сатуды күшейткен еді. Сөйтіп, тұрғындар тіпті аллергияға қарсы диазолинді рецепсіз сатып алуға мүмкіндігі болмады. Өйткені, ақ халаттылар науқас оны шамадан тыс қолданса, тәуелділікке ұшырауы мүмкін деп қауіптенген. Алайда, адамдардың наразылығынан соң, алллергияға қарсы кей таблеткалардың сатылуына рұқсат берілді. Мамандар бұдан бөлек, қызылшаға қатысты екпе алуға кеңес берді. Өйткені, негізінен екпе алмаған тұрғындар вирусты жұқтырады. Сондықтан, мамамандар уақытында вакцина қабылдау кеселден қорғайтынын тағы бір еске салды. Биыл екпе салу науқаны қыркүйекте басталады.
Людмила Бұйрабекова, Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы:
- Жыл басынан шілдеге дейінгі аралықта қызылша жұқтыраған 9 мыңға жуық адам тіркелген. Әсіресе, кішкентайлар арасында вирус жұқтырғандар көп. Өйткені олардың басым бөлігі вакцина алмағандар. Сондықтан қазірдің өзінде аурудың алдын алу үшін шара қолданып жатырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!