Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкімет басшылары Шолпан Атаға жиналды
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкімет басшылары Шолпан Атаға жиналып, ұйымның 5 жылдығын атап өтті. Сонымен қатар, алкоголь, қаржы нарығын реттеу, ұйым аясында кедендік баж салығын бөлу мәселелері бойынша пікір алмасты.
Автор: Ербол Тұрымбет
09.08.2019
Премьер-министр Асқар Мәмин осы жиынға қатысу үшін Қырғызстанға кеше ұшып барды. Су жағасында әсем табиғат аясында суретке түскен Үкімет басшылары Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы басталмас бұрын алдымен қырғыз президенті Сауранбай Жиенбековпен кездесіп алды. Артынша бөлек жиналып, негізгі мәселелеріне көшті. Премьер-министр Асқар Мәминнің айтуынша, экономикалық одаққа мүше елдерде электронды сауда платформаларын дамыту қажеттілігі туындап отыр. Сондай-ақ, қаржы нарықтары, инвесторлардың құқықтарын қорғау, сауда және инвестициялық өзара іс-қимыл салаларында ынтымақтастықты дамытуға да көңіл бөлу керек деді. Осыған орай, Астана халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктері пайдаланылмақ. Жалпы, жиын қорытындысы бойынша Үкімет басшылары 12 құжатқа қол қойылды. Соның ішінде Еуразиялық экономикалық комиссия мен Астана халықаралық қаржы орталығы арасындағы 2019 – 2021 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары да бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!