Алматыда таңдаулы IT мамандары «Method pro» жобасы аясындағы жазғы курсты тәмамдады
Алматыда таңдаулы IT мамандары «Method pro» жобасы аясындағы жазғы курсты тәмамдады. Еліміздегі 18 бен 25 жас аралығындағы талантты бағдарламашылар арнайы байқау арқылы іріктеліп, қысқа мерзімді оқуға жолдама алған болатын. Бағдарламаның шарты бойынша жас мамандарға арнайы тапсырмалар беріледі. Осылайша, олар 2 ай ішінде ірі компанияларға жаңа жоба әзірлеп шығарған. Сондай-ақ, жеңімпаздарға 500 000 теңге сыйақы берілді. Жоба Тұңғыш Президент Қорының қолдауымен ұйымдастырылды.
Автор: Салтанат Шырынхан
12.08.2019
Самат Есқазиев, Бағдарламалау мектебінің негізін салушы:
- Біздің серіктес компанияларымыз – «Альфа банк Қазақстан», «Технодом», BI Innovation. Олар бізге тапсырмаларды берді. Сол тапсырмаларды стажерлар 5 апта бойы істеді. Бұдан кейін компаниялар стажерлармен бірге сол тапсырмаларды өздерінің компанияларында орнатады, қолданады.
«Method PRO» бағдарламасы осымен үшінші жыл ең талантты студенттердің басын біріктірді. Байқаудың іріктеуінен өткен 118 адам тегін тәжірибе жинақтады. Сондай-ақ, олар 2 ай уақыт ішінде мобильді, маркетинг, бизнес-талдау жасайтын бағдарламалармен жұмыс істеуді меңгеріп, өз жобаларында пайдаланды. Мәселен, қатысушылардың бірі банк компаниясы үшін мобильді қосымша дайындаған.
Диас Майданбеков, студент:
- Бізде жұмыс істегісі келетіндер болады. Мысалы, біздің бағдарламамыз арқылы, сайтқа кіру арқылы жұмысқа резюме тапсырғысы келген адамдар өзі туралы толық мәліметті жазады және содан кейін біз оны эйчарға береміз. Эйчарда әрбір кандидат туралы мәліметтер тізімі шығады. Сол кандидаттардың тізіміне кіріп, мәліметтерді біле аламыз. Және жұмысқа шақыра аламыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!