{metadescription}
Үндістанда лай көшкіні мен нөсер жауын салдарынан қаза болғандар саны күн санап өсуде
Үндістанда лай көшкіні мен нөсер жауын салдарынан қаза болғандар саны күн санап өсуде

Үндістанда лай көшкіні мен нөсер жауын салдарынан қаза болғандар саны күн санап өсуде

Үндістанда да лай көшкіні мен нөсер салдарынан қаза болғандар саны күн санап өсуде. Қазірдің өзінде оқиға орнынан 170 адамның мәйіті табылған.

Қатты болған лай көшкіні мен нөсер Үндістанның Керала, Махараштра және Карнатака штаттарын жайпап кетті. Басқа елді мекенмен салыстырғанда Керала штаты қатты зардап шеккен. Бұл жерде соңғы 4 күн ішінде 72 адам мерт болып, 160 азамат эвакуацияланған. Соңғы тәуліктің өзінде аймақта 30 тұрғынның өлімі тіркелді. Штаттың бірнеше ауданында қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланып, оқу орындарындағы сабақтар тоқтатылды. Әлі күнге дейін Кераладағы ең ірі халықаралық әуежай жабық тұр. Үш штаттан жалпы алғанда жүз мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Үндістанның Метеорологиялық департаментінің хабарлауынша, нөсер әлі бірнеше күн болады деп күтілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде