{metadescription}
Қытайда тайфуннан ондаған адам қаза тапты
Қытайда тайфуннан ондаған адам қаза тапты

Қытайда тайфуннан ондаған адам қаза тапты

Қытайда болған «Лекима» тайфунынан 43 адам қаза тапты. Ал, 17 тұрғын із-түссіз жоғалған.

Алапат дауыл Қытайдың шығыс жағалауына сенбі күні таңғы уақытта жеткен. Салдарынан қатты нөсер жауып артынша толассыз су тасқынына ұласты. Чжэцзян провинциясында 5 миллион адам зардап шегіп, оның 1 миллионы қауіпсіз жерге көшірілген. Тайфунның кесірінен 173 мың гектардан астам ауылшаруашылық алқаптарын су басып, 2 миллиард долларға жуық шығын келді. Жылдамдықпен жылжыған дүлей дауыл кеше кешке Шандун провинциясын да шайып кеткен. Салдарынан 5 адам ажал құшып, тағы 7-еуі жоғалып кетті. Жағалауға жақын орналасқан елді мекен тұрғындары қауіпсіз жаққа көшірілді. Айта кетейік, «Лекима» биыл жыл басынан бері Қытайда болған 9-шы дауыл.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде