{metadescription}
Өскемен тұрғындары көк түтінге тұншығып жатыр
Өскемен тұрғындары көк түтінге тұншығып жатыр

Өскемен тұрғындары көк түтінге тұншығып жатыр

Өскемен тұрғындары көк түтінге тұншығып жатыр. Ыстың қолқаны қабар иісінен кешелі бері көпшіліктің тынысы тарылып, мазасы қашқан.

Түгел шаһарды басып қалған түтін қалалық қоқыс полигонынан тарапты. Тұрмыстық қалдықтарды тастайтын аумақтың отқа оранғанына бірнеше күн болған. Алайда, полигон әкімшілігі қызыл жалынмен өз беттерінше күреспек болады. Бірақ, бұл әрекеттерінен түк шықпай, кеше кешкілік төтенше жағдай қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. Сөйтіп, өрт сөндірушілер жалынмен түні бойы арпалысты. Олар таңғы алтыға таман оттың жан-жаққа таралу қаупін жойды. Десе де, қоқыс алаңы әлі бықсып жатыр. Қазір 101 қызметкерлері отты толығымен өшіруге тырысуда. Олардың жұмысына жел мен ыстық ауа райы кедергі келтіріп жатыр екен. Тілсіз жау шамамен 1 гектар аумақты күлге айналдырған. Экологтар қала тұрғындарына әзірге далаға шықпауға, әрі есік-терезелерін қымтап отыруға кеңес берді. Өрт сөндірушілердің айтуынша, төтенше жағдай туралы хабар дер кезінде айтылғанда, жағдай бұлай ушықпас еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде