Петропавлда қызыл жалын 1 адамның өмірін жалмады
Петропавлда қызыл жалын 1 адамның өмірін жалмады. Қайғылы оқиға қала шетіндегі жер үйлердің бірінде болған. Ал, куәгерлер алғашында өртеніп кеткен мәйіттің кім екенін танып-білу қиын болғанын айтады.
Автор: Мақсат Мәлік
12.08.2019
Марина Голобородова, қала тұрғыны:
- Жақсы отбасы деп айта аламын. Атасы зейнеткерлікке шыққан еді. Қызы жұмыс істейтін. Не жағдай болғанын білмейміз. Бұлай болғанына сену қиын.
Оқиға орнына дер кезінде жеткен өрт сөндірушілер газ баллонын сыртқа шығарып, қысқа уақытта жалынды ауыздықтап үлгеріпті. Өкінішке орай, құтқарушылар шатырының жартысы мен кіреберісі жанып кектен үйдің ішінен 62 жастағы ер адамның мәйітін табады. Марқұм осы үйдің иесі екен. Қазір мамандар өрттің себебін және қанша шығын келгенін анықтап жатыр. Айта кетейік, биыл Солтүстік Қазақстан облысында қызыл жалыннан 24 адам қаза тауып, 14 адам түрлі жарақат алыпты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!