{metadescription}
Пойызда екі жолсерік зорлаған келіншек: «Мен олармен сыра ішкен жоқпын»
Пойызда екі жолсерік зорлаған келіншек: «Мен олармен сыра ішкен жоқпын»

Пойызда екі жолсерік зорлаған келіншек: «Мен олармен сыра ішкен жоқпын»

«Тальгодағы» елдің жағасын ұстатқан оқиғаға қатысты жаңа деректер мәлім болды. Оны зорланған келіншектің өзі айтып берді. Бүгін Нұр-Сұлтанда баспасөз мәслихатын өткізген әйел жолсеріктермен өзің көңіл қостың дегендерге де жауап берді.

- «Неге айғайламадың? Неге бірінші жігіттен кейін тұрып кетпедің?» деп сұрады. Мен «есеңгіреп қалдым» дедім. Тергеушілер өздерің келісіп көңіл қосқансыңдар дегенге келтірді. Бірақ қайдағы көңіл қосқан? Жолсерік менің купемдегі жолаушыларды басқа орынға жіберіпті. Сөйтіп, дайындалған. Сот барысында «Мас болдыңыз ба?» деген де сұрақ қойылды. Мен «Мас болған жоқпын. Жолсерікпен бірге сыра ішпедім» дедім.

Жүзін жасырған келіншек әлі күнге дейін өз-өзіне келе алмай жүргенін айтты. Әрі істі жабу үшін жолсеріктердің дәл пойыз ішінде ақша ұсынғанын жеткізді. Оқиға былтыр қыркүйекте болған. Нұр-Сұлтанда ғылыми конференцияға қатысқан докторант әйел Ақтөбеге «Тальго» пойызымен қайтып бара жатыпты. Тергеу мәліметі бойынша, купеде жалғыз жатқан әйелге таңғы 4-тер шамасында сыраға сылқия тойып алған екі жолсерік бірінен кейін бірі кіріп, бас салған. Осы жайттан кейін екеуі де былтыр жұмыстан қуылып, 17 күн бұрын жолсеріктің әрқайсысы 2 жарым жылға бас бостандығынан айырылған еді. Дегенмен, үкімге аппеляциялық шағым түсіретінін айтқан зардап шегуші адам зорлайтындарға жазаны қатайтуды сұрап отыр.

- Қызмет бабын пайдаланып, мені зорлап тастаған әлгі екі қылмыскердің кесірінен екі жыл дерлік өмірім босқа кетті. Мен зардап шегуші ретінде сексуалдық зорлыққа қатысты заңды қатайтуды сұраймын. 2,5 жыл жаза әділ болды деп ойлайсыздар ма? 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.