{metadescription}
Жамбыл облысында алапат өрттен кәсіпкердің төрт түлігі қырылып қалды
Жамбыл облысында алапат өрттен кәсіпкердің төрт түлігі қырылып қалды

Жамбыл облысында алапат өрттен кәсіпкердің төрт түлігі қырылып қалды

Жамбыл облысында алапат өрттен кәсіпкердің төрт түлігі қырылды. Бизнесменнің қорада байлаулы 67 сиыры мен 5 жылқысы және 18 бас қойы тірідей жанып кеткен.

Қораның әр бұрышында теңкиген малдың өлі денесі. Бәрі тіз қатар жатыр. Соған қарағанда жануарлардың басы шынжырмен байлаулы болған. Сондықтан қашып шыға алмай, арам қатқан. Ал, болжам бойынша от жақын маңға жинаулы шөптен тұтанған. Кейін шарпыған жалынның ұшқыны қамыспен жабылған қораның шатырына тиіп, тілсіз жау өрши түскен. Жұмысшылар алдымен өртті өздері сөндірмек болған. Бірақ жағдай ушығып, амалсыз құтқарушылардың көмегіне жүгінген. Жедел жеткен төтеншеліктер жалынды 4 сағатта әзер ауыздықтаған. Алайда төрт түлікті құтқарып қала алмады. Сондай-ақ 200 тонна шөп күлге айналған. Қазір келтірілген шығын көлемі мен оқыс жағдайдың себебі анықталып жатыр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде