{metadescription}
Алматыда кеңсе тауарларын сақтайтын қойма өртеніп кетті
Алматыда кеңсе тауарларын сақтайтын қойма өртеніп кетті

Алматыда кеңсе тауарларын сақтайтын қойма өртеніп кетті

Алматыда кеңсе тауарларын сақтайтын қойма өртеніп кетті. Таң алдында басталған қызыл жалын 400 шаршы метр аумақты күлге айналдырған. Ал, өртке оранған ғимарт су көзімен жабдықталмағандықтан төтеншеліктерге тілсіз жауды ауыздықтау қиынға соғыпты.

Қала тұрғындарын таң алагеуімде аяғынан тік тұрғызған өрт кеңсе тауарлары сақталған қойманың әуелі екінші қабатын шарпыған екен. Әсіресе, қойманың батыс жақ бөлігі көбірек жаныпты. Сауын айтқандай жан-жақтан су жеткізген төтеншеліктер қызыл жалынмен бір сағатқа жуық алысыпты. Ең бастысы, шарпыған өрт маңайдағы жеке секторға өтпей тұрып толықтай сөндірілген. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Ал, қоймадағы жалынның неден тұтанғаны белгісіз. 

Ерлан Әлібеков, Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары:

- Өрт сөндіру гидронттары болмағандықтан, су таситын 2 көлік жұмыс істеді. Сондай-ақ, өзіміздің су таситын 30 тонналық техникамыз бар. Ол да жұмылдырылды. Барлығы 50 адам, 12 техника жұмыс атқарды. Өрттің себептері анықталуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде