{metadescription}
Қарағанды облысындағы кен байыту комбинатында жаппай төбелес болды
Қарағанды облысындағы кен байыту комбинатында жаппай төбелес болды

Қарағанды облысындағы кен байыту комбинатында жаппай төбелес болды

Қарағанды облысы Жәйрем кентіндегі кен байыту комбинатында көптеген адам қатысқан жаппай төбелес болды. Соның салдарынан бірнеше адам түрлі жарақат алған.

Оқиға кеше кешкілік сағат алтылар шамасында болған. 100-ге тарта адам комбинат аумағына басып кіріп, кезіккендерін соққыға жыққан. Бейресми ақпарат бойынша, өндіріс орнында жұмыс істейтін шетелдік азамат жергілікті қыздың жалаңаш бейнесін желіге салған көрінеді. Содан ауылдың жастары әлгінің сазайын бермекке комбинатқа келген деп айтылып жатыр. Алайда құзырлы органдар қақтығыс комбинаттағы жұмысшылардың арасында болған деп хабарлады. Бірақ жанжалдың нақты себебі әзірге айтылған жоқ. Жәйремге шұғыл күш құрылымдары тартылып, онда облыс әкімі Ерлан Қошанов та барды.  Ол жергілікті халықпен кездесіп, ымырға шақырған соң елдің ашуы басылыпты. Дегенмен, бұзақылық әрекеттерге байланысты қылмыстық іс қозғалған.

Бақытжан Құдияров, Қарағанды облыстық ПД баспасөз хатшысының міндетін атқарушы:

- Оқиғаға не себеп болғаны қылмыстық істі тергеу барысында анықталады. Қазіргі уақытта Жәйрем кентіндегі жағдай тұрақты. Полиция қоғамдық қауіпсіздікті бақылап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде