{metadescription}
Жүріп кеткенде рөліне жармасқан. Алматыда полицейді сүйреген жүргізуші іздестірілуде
Жүріп кеткенде рөліне жармасқан. Алматыда полицейді сүйреген жүргізуші іздестірілуде

Жүріп кеткенде рөліне жармасқан. Алматыда полицейді сүйреген жүргізуші іздестірілуде

Алматыда полицейді көлігімен сүйреген бұзақы іздестірілуде! Жүгенсіз жүргізуші жол ережесін бұзғанымен қоймай, көпшіліктің көзінше тәртіп сақшысына қарсылық көрсетіп, ізін суытып қашқан.

Оның темір тұлпарының астына түсе жаздаған аға сержанттың иығы мен жауырыны сынып, ауруханада жатыр. Жалпы, жүргізушілер бұған дейін де жол патрульдық қызметкерлеріне бағынбай, дөрекі мінездерін көрсетіп жүрген екен. Бірақ көлігімен сүйреуі – бірінші жағдай.

Тәртіп сақшысын көлігімен сүйретіп бара жатқан жүргізуші бірталай камераға түсіп қалған. Бірақ, бұл жайт та оған тоқтау болмаған. Жылдамдыққа салған кроссовер иесі полицейді Мақатаевтан Мәметова көшесіне дейін сүйреткен. Сосын өзін тоқтатпақ болып, рөлге жармасқан полицейді қолынан ұрып, көше ортасына құлатып кеткен. Тас жолға оңбай сұлап түскен сақшыға сол маңайда жүрген адамдар көмекке келген.     

Руслан Мұқашев, аға сержант:

- Мен тек қана ол кісіден жүргізуші куәлігін, құжаттарын сұрадым. Бірақ соларды көрсетпеуге тырысатынын білдім. Өйткені ол дөрекілік танытты. Жүріп кететінін де сездім. Сол жүріп кеткен кезде мен рөліне жармастым. Ал ол тоқтаудың орнына қайта кете берді. Аяғым көліктің астына кіре берді. Жіберсем, астына түсемін деп ойладым.

Абырой болғанда, басқа көліктер дер кезінде тоқтап үлгерген. Ал, соққыдан аға сержанттың оң жақ иығы мен жауырыны сынған. Тізесі мен бет-аузы жырылған. Одан бөлек, тас жолға баспен құлағандықтан, миы шайқалған. Ал, полицейді сүйрей қашқан бұзақы болса, тұрақ ережесін бұзған екен. Яғни, көлігін тыйым салынған жерге қойған. Сақшы оны әкімшілік жазаға тартпақ болған. Сондағы айыппұл мөлшері бар-жоғы – 3780 теңге.

Руслан Мұқашев, аға сержант:

- Бұған дейін мұндай жағдай болмаған. Ондай кісілер кездеспеген. Бәрі өзін жақсы ұстайтын. Мынадай жағдай бірінші мәрте болып тұр.

Енді Люксген жүргізушісін бұдан да зор жаза күтіп тұр. Ізін суытып үлгергенімен, кроссовердің нөмірі көше бойында қаптап тұрған таспаларға түсіп қалған. 

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:

- Бұл азамат билік өкіліне күш көрсеткені және шабуыл жасағаны үшін міндетті түрде жауап береді. Қазір жүргізушінің аты-жөні белгілі болды. Ол міндетті түрде ұсталып, заң алдында жауап береді.

Полицейдің айтуынша, өзін сүйрете жөнелген жүргізуші сап-сау болған. Айтқандай, ол бұрын істі болыпты. Бұзақылық жасағаны үшін 5 жылға жазаланған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.