{metadescription}
Алматы-Бішкек тас жолында жол апатынан 5 адам қаза тапты. Үшеуі - балалар
Алматы-Бішкек тас жолында жол апатынан 5 адам қаза тапты. Үшеуі - балалар

Алматы-Бішкек тас жолында жол апатынан 5 адам қаза тапты. Үшеуі - балалар

Алматы-Бішкек тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды. Mazda маркалы темір тұлпар мен жүк көлігі бетпе-бет соғысып, 5 адам апат орнында қаза тапты. Оның үшеуі – балалар. Одан бөлек 3 азамат әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасының видеосы әлеуметтік желіге жарияланды. Оқыс оқиға Алматы облысының аумағында болған. Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі Самсы ауылына қарай бет алған көрінеді. Ал жеңіл машина қатты жылдамдықпен қарама-қарсы бағытта келе жатыпты. Сол сәтте жүргізуші рөлге ие бола алмай, алдындағы көлікке барып соғысқан. Салдарынан мазданың сау тамтығы қалмаған. Ауруханаға жеткізілген 2 адам жабық ми жарақатын алса, 3-шісі ашық ми жарақатымен ауыр халде жатыр.

Ернар Сайділдин, Алматы облысы ПД ресми өкілі:

- Жол-көлік оқиғасы бойынша тиісті сараптама тағайындалып, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Аталған дерек облыстық полицияның тергеу басқармасында тіркелген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде