{metadescription}
Мас күйінде көлік тізгіндеген адам газ құбырына соғып, одан өрт шықты
Мас күйінде көлік тізгіндеген адам газ құбырына соғып, одан өрт шықты

Мас күйінде көлік тізгіндеген адам газ құбырына соғып, одан өрт шықты

Түн тыныштығынан айырды. Алматыда мас күйінде көлік тізгіндеген жүргізуші жеке үйдің жанында орналасқан газ құбырына соқтығысты. Лезде тұтанған өрт жақын маңдағы баспананың ішіндегі үш адамның өмірін қия жаздады. Оқиға орнына дереу жеткен сақшылар үйдегі адамдарды от ортасынан аман алып шықты.

Бостандық ауданына қарасты жеке үйлердің жанында орналасқан газ құбырына неміс автокөлігі түнде соқтығысқан. Шырт ұйқыда жатқан тұрғындар қызыл жалын басталғанын сезбесе де керек. Отқа оранған баспана ішіндегі 11 жасар қыз бен екі ер азаматты дереу жеткен полиция өкілдері дін аман алып шыққан. Куәгерлердің айтуынша, ащы суға сылқия тойған жүргізуші тежегішті баспай, жүйіткіп келіп құбырға соғылған.

Полиция департаментінің мәліметі бойынша, көлікте жүргізушіден бөлек екі жолаушы болған. Олар жарақат алмағандықтан, дәрігерлердің көмегіне жүгінбеген. Ал Мерседестің сау тамтығы қалмаған. Мас күйінде көлігімен жолға шыққан азамат енді келтірген барлық шығынды өз есебінен өтейтін болады.  

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

- Мерседестің тізгінінде отырған ер азамат полицияға жеткізілді. Ол міндетті түрде жол-көлік оқиғасы үшін заң алдында жауап береді. Содан соң газ құбырын өз есебінен жөндетіп беруі тиіс. Сондай-ақ, жәбірленушілерге, яғни үй иелеріне сотқа қойған талаптарына сәйкес материалдық шығынды міндетті түрде өтеуі керек.

Төтенше жағдайлар қызметі мен жедел жәрдемнен бұрын жетіп батыл қадамға барған екі полиция қызметкері қайсарлығы үшін марапатталатын болды. Ал мамандар апат орнында қираған құбырды қайтадан қалпына келтіруге кірісті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде