Ішінде Өзбекстанның 52 азаматы тірідей жанып кеткен автобус иесі сотталды
Түркістан облысында 52 Өзбекстан азаматы тірідей жанып кеткен автобус иесіне сот үкім кесті. Сарыағаш аудандық соты Ордухан Мехтиевті кінәлі деп тауып, оны 3 жылға түрмеге жапты. Осылайша, жәбірленуші тараптың талабы тек ішінара қанағаттандырылды.
Автор: Руслан Әбдіхалық
14.08.2019
Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ. Сондықтан сотталушы апелляциялық шағым түсіре алады. Еске салсақ, 18 қаңтар күні Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы маңында қоғамдық көлік өртке оранған. Сарыағаш ауданынан Ресейге жол тартқан автобустағы 57 жолаушының тек бесеуі ғана аман қалған. Басқа 52 адам сыртқа шыға алмай жанып кеткен еді. Қаза тапқандардың бәрі ер азаматар. Олар Наманган облысының тумалары. Марқұмдардың ең ересегі 41 жаста, кішісі 19 да болған. Setra автобусы Ордухан Мехтиевтің атына тіркелген. Қоғамдык көлік иесінің адам тасуға рұқсаты болмапты. Оның үстіне зауыттан шыққанына 30 жыл толған көне автобус техникалық тексеруден ең соңғы рет 4 жыл бұрын өткені анықталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!