{metadescription}
Амалсыз аштық. Алматылықтар тұрғын үйлерге қызмет көрсететін компанияға наразылық білдірді 
Амалсыз аштық. Алматылықтар тұрғын үйлерге қызмет көрсететін компанияға наразылық білдірді 

Амалсыз аштық. Алматылықтар тұрғын үйлерге қызмет көрсететін компанияға наразылық білдірді 

Амалымыз таусылған соң аштық жарияладық. Алматылық тұрғындар көпқабатты үйлерге қызмет көрсететін компанияның жұмысына көңілі толмай, көшеге шықты. Олардың айтуынша, былтыр қазан айында байқау арқылы жеңіске жетіп, Зерделі ықшамауданындағы 96 көпқабатты үйдің жай-күйін қадағалуы тиіс компания түк істемеген. Тіпті, компания тарапы өзге пәтер иелері кооперативіне кеткісі келетін тұрғындарға құжаттарын бермей отырған көрінеді.

Күнұзаққа кеңсенің есігін торуылдап, аштық жариялағандар бүтіндей Зерделі ықшамауданының тұрғындары. Араларында арбаға таңылған немесе жанары көрмейтін жарымжан жандар жетерлік. Талай табалдырықты тоздырып, тағаты түгесілгендердің тұрғын үйлердің жай-күйін қадағалайтын компанияға өкпесі қара қазандай.

Жазира Мүлкібекова, қала тұрғыны:

- Зерделі ықшамауданына 5 жыл бұрын көшіп келгенмін. Ал былтыр бері бізді Facility management group КСК ретінде алған. Бірақ еш нәтиже жоқ. Түк те жасалмаған

Елдар Кенжеғұлов, қала тұрғыны:

- Кәдімгі шамның өзін ауыстырып беріңіз деп өтініш айтсаң, ол 1-2 күннен кейін барып жасалады. Бізге мүлдем таңдау берген жоқ. Оны біз білмейміз. Бұл жерде 10 бастық бар, жұмысшы жоқ.

Ашулы тұрғындар қызмет көрсетуші компаниямен ешқандай келісім-шартқа отырмағанын және ешкімнен келісім сұрамағанын айтып қынжылады. Ең сорақысы, тұрғын үй қараусыз қалды деп шу көтергендер құжатымызды бермей жатыр дейді.

Жазира Мүлкібекова, қала тұрғыны:

- «Фасилити» бізге құжаттарымызды қайтармай жатыр. Біз басқа мекмеге ауысқымыз келеді. «Фасилитиден» бас тартамыз. Сол үшін аштық жарияладық. 182 пәтер бар. Сондағы әр пәтерден 2100 теңгеден ақша алынады. Соның бәрі қайда кетіп жатыр?

Ал жекеменшік компания өкілдері байқау арқылы жеңіске жетіп, былтыр қазан айынан бері Зерделідегі 96 көпқабатты үйге қызмет көрсетіп келеміз дейді. Қатарымыздан шығатын тұрғындарға жолымыз ашық деген олар атқарған істерінде мін жоқтығын айтады. Тіпті, екі ортадағы түсініспеушілікке тұрғындардың өздерін кінәлады.  

Мақсат Садықов, «Facility management group» ЖШС әлеуметтік нысандар департаменті директорының міндетін атқарушы:

- Біздің жұмыс көзге көрінбейді. Қайыры жоқ жұмыс қой. Енді олар аула тазалаушылардан басқа кімді көреді? Біздің сантехниктер жертөледе болады. Олар да көзге көрінбейді. Тұрғындар өзінің құқығын білмей жатыр. Олардың аштық жариялауға моральдық құқығы боуы керек деп есептеймін. Өздерінің кемшіліктері бар.

Компания өкілдері мәселені шешу үшін қосымша келісім-шарт керектігін алға тартады. Бұйыртса күні ертең қажетті құжатты тұрғындардың алдына жайып салмақ екен. Алайда, сөзбұйдаға салынған құрғақ уәдеден шаршадық деген жұрт талаптары орындалмаса тағы да аштық жарияламақ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.