{metadescription}
Жетеуі қамауға алынды. Жазасын өтеушілерді азаптаған түрме қызметкерлерінің өздері сотталуы мүмкін
Жетеуі қамауға алынды. Жазасын өтеушілерді азаптаған түрме қызметкерлерінің өздері сотталуы мүмкін

Жетеуі қамауға алынды. Жазасын өтеушілерді азаптаған түрме қызметкерлерінің өздері сотталуы мүмкін

Жазасын өтеушілерді азаптаған түрме қызметкерлерінің өздері сотталуы мүмкін. Ішкі істер министрлігі Алматы облысындағы ЛА-155/8 түзеу мекемесіндегі жантүршігерлік оқиғаға байланысты 7 қызметкердің қамауға алынғанын мәлімдеді.

Әрі атышулы колония мен Алматы облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің 14 лауазымды қызметкері жауапқа тартылған. Бұған дейін шу шыққан бойда түрме бастығы және оның екі орынбасары жұмыстан қуылған еді. Қылмыстық атқару жүйесіндегі дауға екі апта бұрын желіде тараған мына видео себеп. Абақтының спорт залында жасырын камераға түсірілген жазбада түрме қызметкерлері жазасын өтеушілердің қолын күштеп байлап азаптаған сәті түсірілген. Тіпті, көрші бөлмеде тағы бір сотталушының қолын қайырып, аяғын жерге тигізбей іліп тастаған. Сорақысы сол, қызметкердің біреуі әбден қиналған сотталушынының басын тізесімен аяусыз ұрғылаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде