{metadescription}
Алматыда тұрғындар сел салдарынан жарық, газ және судан қағылды
Алматыда тұрғындар сел салдарынан жарық, газ және судан қағылды

Алматыда тұрғындар сел салдарынан жарық, газ және судан қағылды

Алматыда сел қаупі сейілгенімен, салдары жойылған жоқ. Кеше дабыл қағылған кезде мұнда жарық, көгілдір отын мен су өшірілген еді. Алғашқы екеуі санаулы сағатта қайта қосылғанымен, тұрғындарға ауыз су әлі берілер емес. Қазір тіршілік нәрі көлікпен жеткізіліп жатыр.

Дастан Ризамұратов, Қарағайлы ықшамауданының тұрғыны:

- Тіршілік нәрі жетпей жатыр. Арнайы су таситын көліктер жүр. Бірақ, үйіміздің қасындағы машинаның суы таңғы 11-де бітіп қалды. Сондықтан, қазір жоғары жақтағысына келіп тұрмыз. Негізі, бұл көліктер көше-көшені араласа дұрыс болар еді. Өйткені суды бұл жерден тасуға шамасы келмейтін қариялар көп. 

Мұндағы су таситын көліктердің алдында таңнан бері ұзын-сонар кезек. Өйткені, тіршілік нәрінен үш бірдей ықшамаудан, яғни 10 мыңнан аса тұрғын қағылған. Себебі, олар үшін ауыз судың негізгі көзі - Қарғалы өзені еді. Қазір бұл өзен лайланып тұрғандықтан, одан су алу мүмкін емес. Ал, шенеуніктер өзен арнасының тазартылып жатқанын айтуда. Бірақ, ол ішуге жарамды болғанша 2-3 апта уақыт керек екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде