«Скат» компаниясына тиесілі ұшақ Нұр-Сұлтан әуежайына шұғыл жағдайда қонды
«Скат» компаниясына тиесілі ұшақ Нұр-Сұлтан әуежайына шұғыл жағдайда қонды. Boing-757 Қытайдың Хайнань аралынан Елордаға келе жатқан. Мәліметтерге қарағанда, көрші елдің демалыс аймағынан көкке көтерілген соң, әуежай қызметкерлері ұшу-қону алаңынан шассидің бөлшектерін тауып алыпты.
Автор: Әсел Тұмашқызы
20.08.2019
Сөйтіп, «Скат» компаниясына шұғыл хабар жеткізілген. «Нұр-Сұлтан» халықаралық әуежайының қызметкерлері тез арада ұшақтың қауіпсіз қонуын қамтамасыз етті. Сөйтіп, екі жарым сағат бұрын ішінде 234 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі бар әуе лайнері жерге аман-есен қонды. Құдай сақтап, ешкім зардап шеккен жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!