Италияда 19 күн теңізде тұрып қалған босқындар кемеден түсірілді
Келісімге келді. Open arms (Оупен армс) кемесінің жолаушылары Италияның Лампедуза аралына табан тіреді. Италия осыдан бір жыл бұрын үкіметтік емес ұйымның кемесіннің өз портына кіруге тыйым салған.
Автор: Асқарбек Қазанғап
21.08.2019
Сол себепті испаниялық 150 босқын 19 күннен бері теңізде тұрып қалды. Бірақ рұқсат бәріне берілген жоқ. Тек денсаулығы сыр берген және кәмелет жасқа толмаған жандар ғана жағаға шықты. Осы жексенбіде Мадрид билігі үкіметтік емес ұйымның кемесіне Испанияның портына барсын деп сілтеген еді. Қашықтықты сылтау еткен қарсы тарап бұл ұсыныстан бас тартты. Олар тіптен теңіздегі қиындыққа шыдамаған кей босқынның секіріп кеткенін айтқан болатын. Қазір бірнеше ел тентіреген азаматтарды қабылдауға дайын екендерін жеткізді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!