АҚШ президенті Гренландияны сатпай қойғаны үшін Данияға жоспарланған сапарынан бас тартты
Қырсықтықтан туған қырғиқабақ. Дональд Трамп Гренландияны сатуға келіспеген Данияға жоспарланған сапарына бармайтын болды. АҚШ президенті Дания билігі әлемдегі ең ірі аралды сату жайын талқылауға құлық танытпаған соң бұлданып қалды.
Автор: Асқарбек Қазанғап
21.08.2019
Өз твиттерінде ерекше ел екенін айтып, Данияны мақтай отырып, премьер-министр шешімінің бұл сапардан аяқ тартқызғанын жеткізді. Айта кетейік, осыған дейін аталған елдің үкімет басшысы Метте Фредериксен Гренландияның сатылмайтынын мәлімдей келіп, Дональд Трамптың аралға ауыз салмақ мәлімдемесін сандыраққа балаған еді. Дей тұрғанмен, Данияның премьер-министрі қыркүйектің екісінде АҚШ президентін жоспарланған уақытта күтетінін жеткізді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!