{metadescription}
Автобуста аяғын сындырған алматылық жолаушы өтемақыға қол жеткізе алмай жүр
Автобуста аяғын сындырған алматылық жолаушы өтемақыға қол жеткізе алмай жүр

Автобуста аяғын сындырған алматылық жолаушы өтемақыға қол жеткізе алмай жүр

Автобуста аяғын сындырған алматылық жолаушы өтемақыға қол жеткізе алмай жүр. Мереке Сұраншиева мамыр айынан бері еңбекке жарамсыз. Осы күнге дейін артымнан ешкім іздеп келмеді деп налиды. Ал, әкімдіктегілер зардап шеккен келіншек өтемақы төлеуге тиісті құжаттарды әлі өткізбегенін алға тартады.

Алматылық Мереке Сұраншиева 4 айдан бері төсекке таңылған. Қоғамдық көлікте сол аяғы сынған келіншек бірер күннен бері балдағын тастап таяққа сүйеніп жүр. Толықтай айығып кету үшін кемі 1 жылдай күтім қажет.

Мереке Сұраншиева, зардап шегуші:

- Қазір аяғым 90 пайызға бүгіліп тұр. Одан артық бүгілмейді. Массаж керек дейді. Осыдан 1 апта бұрын ауруханаға барып қаралдық. 10 күн массаж жасатуға, емдеуге 170 мыңдай қажет екен. Ол тек қана емге. Одан бөлек анализ, терапевт бар. Оларды есептеген жоқ. 8 айдан соң қайтадан темірін алады. Қазір темірмен жүрмін.

Зардап шеккен келіншек еңбекке жарамсыз. Осы күнге дейін ешкімнен көмек алмадым деп көңілі жабырқаулы. Оған қоса жұмыстан шығып қалу қаупі бар. Бір бүйірден банктің қарызы қысып барады. Отағасының табысы аз. Пәтер ақысынан артылмайды.

Мереке Сұраншиева, зардап шегуші:

- Менің адвокатым барып, «адвокаттың ақшасымен 1 млн 500 берсін» деп айтыпты. Соттың шығындарымен, бәрімен бірге. Ал өзім қанша ақша есептейтінін әлі білмеймін. 4 айдан бері үйде жатырмын. Ешқандай жұмыс істеген жоқпын. Несием ол тұр бәрі жиналып.

Автопарк басшылығы зардап шегушінің базынасын негізсіз дейді. Жолға жауапты мердігер компания істі сотқа жеткізбей автопаркке 900 мың теңге өтемақы төлеген. Ал, апатқа ұшыраған автобустың құны  45 млн теңге.

Сұлтан Назаров, «Авто Алма Транс» ЖШС заңгері:

- Автопарк тарапынан ешқандай көмек көрсеткен жоқпыз. Өйткені өзіміз жәбірленуші болып саналамыз. Жәбірленуші ретінде бізге Медеу аудандық әкімдігі, жолаушылар көлігі басқармасы, солардың мердігер компаниясы «Есік жолдары» ЖШС шығынды өтеп берді.

Толықтай жөнделген қоғамдық көлік қазір жолаушылар тасымалдап жүр. Естеріңізде болса, мамырда автобус жауын суы ағатын құдыққа түсіп кетіп, бетіндегі темір қақпақ көліктің еденін тесіп өткен еді. Сол кезде Мерекенің аяғы сындырған. Медеу ауданындағы сол арықтарға «Есік жолдары» серіктестігі жауапты. Қалалық мобильдік басқармасы мамандарының пікірінше, өтемақының уақытылы берілмеуіне зардап шегушінің өзі кінәлі. Өйткені, Мереке Сұраншиеваның қорғаушысы ешбір құжат өткізбепті.

Айдын Тойбазаров, Алматы қалалық мобильдік басқармасының бас маманы:

- Осы уақытқа дейін бізге зардап шегуші тарапынан ешқандай медициналық анықтамалар тапсырылған жоқ. Бірінші адвокаты Мереке Сұраншиева қазір ауруханада жатыр екен. Ары қарай істі екінші адвокатқа тапсырған. Бірақ екінші адвокат бізге хабарласпады.

Коммуналшылардың салғырттығынан зардап шеккен келіншек пен адвокаты өтемақы көлеміне разы емес. Мердігер компания жарты млн ұсынса, жәбірленуші денсаулығына келген зиян көлемін 1 жарым млн теңгеге бағалайды. Сондықтан азаматтық сотқа жүгініп, тиісті соманы толықтай өндіріп алмақ ниетте.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде