{metadescription}
Шығыс Қазақстанда браконьерлікпен айналысқан инспекторлар арнайы операция арқылы ұсталды
Шығыс Қазақстанда браконьерлікпен айналысқан инспекторлар арнайы операция арқылы ұсталды

Шығыс Қазақстанда браконьерлікпен айналысқан инспекторлар арнайы операция арқылы ұсталды

Қасқырға қой бақтырған! Шығыс Қазақстанда браконьерлікпен инспекторлардың өздері айналысыпты. Қылмыс жасау мақсатында топтасқан Марқакөл қорығының қызметкерлері сирек кездесетін майқан балығын тонналап аулап, уылдырығын қып-қызыл ақшаға сатқан.    

Қой терісін жамылғандар табиғат байлығын саудаға салып тұрған жерінде ұсталды. Ал балықты алысқа бармай-ақ, жұмыс кабинетінде отырып саудалаған екен. Арнайы операция кезінде олардан уылдырық, мыңнан астам майқан балығы мен 4 миллион теңгедей ақша табылды. Одан бөлек, тіркелмеген тапанша мен балық аулайтын торлар мен рациялар алынды. Браконьер-инспекторлар балықты тек мұздатқышта ғана сақтамаған екен. Тінту кезінде қаскөйлердің бір тоннандан астам майқанды жерге көміп тастағаны анықталды. Уылдырығы алынған артық балықты қаскөйлер осылай жасырған. Айта кетейік, майқан балығы Марқакөл мен мұхиттың арғы жағындағы Канадада ғана кездеседі екен.

Гүлжан Қамзина, ШҚО ПД өкілі:

- Уылдырықты алғаннан кейін қылмыскерлер балықты күзетілетін аймақтағы жерге көміп кеткен. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде