{metadescription}
Бағаға тұсау болар күн қашан туады?
Бағаға тұсау болар күн қашан туады?

Бағаға тұсау болар күн қашан туады?

Тауар бағасы реттеле ме? Бүгін Алматыда мамандар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру жайын талқылады. Осындай жиын барысында тұрақтандыру қорында 2 жарым мың тонна өнімнің бар екендігі де айтылды.

Жыл басынан бері Алматыда 14 әлеуметтік маңызы бар тауардың құны өскен. Атап айтар болсақ пияз 159,7%, сәбіз 147%, күріш 124,7%, картоп 123,2%, сиыр еті 116,4%, сары май 114,7% қымбаттаса, керісінше орамжапырақ 17,2%, сүзбе 9,8%, қант 7% сүт 0,9% бағалары төмендеген. Бұдан бөлек қаладағы бағаны қалыпты ұстау үшін 29 сауда орнында мониторинг жүргізуде. Сонымен бірге жыл сайын Алматы, Жамбыл және Түркістан облысындағы ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілердің қатысуымен өнімдерді қолайлы бағада ұстап тұру үшін жәрмеңкелер де өткізіліп тұрады екен.

Қарлығаш Әбдіжаппарова, Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары:

- Жыл сайын әр облыстың ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңкелер өткізіліп тұрады. Бұдан бөлек Алматы және Алматы облысының ауылшаруашылық кәсіпкерлерімен ауылшаруашылық тауарларын тікелей сауда орындарына жеткізу туралы келіссөздер жүргізудеміз. Қазір бұл жұмыстар жүйелі түрде жүріп жатыр. Осыған байланысты біз кәсіпкерлердің тікелей сауда орындарына тауарларын тасмалдау үшін карта әзірлеудеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде