{metadescription}
Алматыда Тұңғыш Президент қорының ұйымдастыруымен Орталық Азия жастарының бірінші фестивалі өтіп жатыр
Алматыда Тұңғыш Президент қорының ұйымдастыруымен Орталық Азия жастарының бірінші фестивалі өтіп жатыр

Алматыда Тұңғыш Президент қорының ұйымдастыруымен Орталық Азия жастарының бірінші фестивалі өтіп жатыр

Жастар жылына - жаңа жоба! Алматыда Орталық Азия жастарының бірінші фестивалі өтіп жатыр. Алғаш ұйымдастырылған шараға елімізден бөлек, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстаннан 18 бен 29 жас аралығындағы 300-ден астам қатысушылар жиналды. Тұңғыш Президент қорының ұйымдастыруымен өткізіліп отырған фестивальдің мақсаты - жас көшбасшылардың әлеуетін дамыту және тұрақты диалог алаңын құрып, тәжірибе алмасу.

Мәди Ахметов, «Жас Отан» жастар қанаты Алматы қалалық филиалының төрағасы:

- Біздің бүгінгі таңдағы басты мақсат – байланыс орнату. Байланыс орнатқаннан кейін барып осы Орталық Азия жастарына қатысты бастарын біріктіретін ортақ стартап жобаларды, IT жобаларды, волонтерлық бағыт бойынша да жаңа жобаларды қолға алу.

Фестивальдің ашылу рәсіміне Тұңғыш Президент - Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешов, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты. 2 күнге жалғасатын жиында жастар өз өңіріндегі мәселелерді талқылайды. Сондай-ақ, шара аясында қатысушыларға панельдік сессия, шеберлік сабақтар, жобалау жұмыстары мен питчинг сессиялар да ұйымдастырылған. Ал жастарға жол сілтеп, көшбасшы болудың жолдарымен бөлісетіндер - саяси және қоғам қайраткерлері мен шет елдерден келген жас көшбасшылар.

Игорь Рогов, Тұңғыш Президент қоры атқарушы директорының орынбасары:

- Тұңғыш Президент қоры биылғы Жастар жылына орай көптеген жаңа жобаларды қолға алды. Сондай-ақ, әр жұмысымызды Орталық Азия көлемінде өткізуді жөн көрдік. Себебі өзге елдермен тәжірибе алмасу бұл саяси сауатттылықты арттырып, өсу мен дамуға мүмкіндік береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде