Алматылық тиінге жауап. Ақмола облысының Научный ауылында алып үкі пайда болды
Алматылық тиінге жауап. Ақмола облысының Научный ауылында алып үкі пайда болды. Оны жергілікті шаруашылықтың жас қызметкерлері жасаған.
Автор: Әсел Тұмашқызы
22.08.2019
Он адамнан тұратын топ кревтивті туындыны жасау үшін екі-ақ күн жұмсаған. Бар болғаны 50 келі бидайдың сабағы жеткілікті болыпты. Жас мамандар Шортанды ауданында өтетін «Дала дәні» атты ғалымдардың басқосуына келген. Осылайша, жастар қоғам назарын аударуды жөн көрген. Айта кетсек, дәл осындай алып тиын өткен жылы Алматыдағы «Атакент» сауда-көрме орталығында бой көтерген болатын. Ол кезде имидждік жоба үшін қазынадан 23 миллион теңге жұмсалған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!