{metadescription}
Нұр-Сұлтандағы мектептерде 200-ден астам мұғалім жетіспейді
Нұр-Сұлтандағы мектептерде 200-ден астам мұғалім жетіспейді

Нұр-Сұлтандағы мектептерде 200-ден астам мұғалім жетіспейді

Бас қалаға ұстаздар жетіспейді. Бүгін Елордада дәстүрлі тамыз кеңесін өткізген қала әкімі білім саласында қордаланған мәселелерді тізіп шықты.

Алтай Көлгіновтың айтуынша, Нұр-Сұлтанда дәл қазір 200-ден астам мұғалім тапшы. Жетіспеушілікті жою үшін педагогикалық университеттерге грантты арттыру мақсатында жергілікті бюджеттен де қомақты қаржы бөлініп жатыр дейді әкім. Сөйтіп, 2-3 жылда білікті ұстаздардың тапшылығын азайтамыз деп отыр. Дегенмен бұл ушыққан мәселенің бір бөлігі ғана. Елордада халық саны артып, оқушылар күрт көбейгендіктен, мектеп салу да өзекті болып тұр. Айтуынша, қазір 17 мың ұл-қыз үшін орын тапшы.

Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:

- 10 жыл бұрын 75 мың оқушы ғана болатын. Қазір 185 мың ұл-қыз 108 мектепте білім алады. Білім ордасы көбейіп жатқанымен, жеткіліксіз. Сондықтан Елорданың даму жоспарына сай, алдағы 5 жылда 40 мектеп салуды жоспарлап отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.