Алматыда дәмхана өртке оранды
Алматыда дәмхана өртке оранды. Қызыл жалын жапсарлас орналасқан жер үйлерді шарпуға аз-ақ қалған. Тіпті, будақтаған қою қара түтіннен көшенің қарсы бетіндегі «Манхэттен» тұрғынүй кешенінің тұрғындары дүрлігіпті.
Автор: Мақсат Мәлік
22.08.2019
Сергей Кудряшов, Алматы қаласының тұрғыны:
- Дабылдың даусын естідік. Алғашында аула ішінде өрт тұтанды ма деп ойладық. Сөйтсек, дәмхана жанып жатыр екен. Адамдар жан-жаққа жүгіре бастады. Маңайды түтін басып кетті. Тіпті, пәтеріміздің ішінен ыстың иісі шығып тұр.
Дәмханадан тұтанған өрт алғашында бет қаратпай, қызыл жалын қатты қарқын алыпты. Әйтеуір, таңертең кафе ішінде келуші қонақтар болмаған. Алайда екінші қабаттан шыққан өрт жанындағы спорт кешенінің шатырына дейін жетіпті. Ал екінші қапталдағы құрылыс заттарын сататын дүкен қызметкерлері жанұшыра дүниелерін аулақ жерге тасып үлгерген. Тілсіз жауды ауыздықтауға жеткен өрт сөндірушілер жалынның жақын маңдағы үйлерге тарап кетпеуіне бар күшін салыпты. Оған 36 адам мен 12 техника жұмылдырылған. Төтеншеліктер өрттің неден шыққанын тексеріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!