Қарағандыда бір кафеден тамақтанған адамдар астан жаппай уланып, ауруханаға түсті
Қарағандыда бір кафеден тамақтанған 13 адам астан уланып, ауруханаға түсті. Олардың арасында 10 жастағы бала да бар.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
22.08.2019
Анастасия Томачева, Қарағанды қаласының тұрғыны:
- Апам және досым үшеуміз дөнер алып жедік. 2 сағатан кейін жүрек айнып, лоқсып, іш өте бастады. Жегенімді қан араластырып 20 реттей құсқан шығармын. Асқа не қосқандарын білмеймін. Бірақ өзімді өлім ауызында жатқандай сезіндім.
Науқастар ауруханаға тамыздың 20-нан түсе бастаған. Олардың арасында қала тұрғындарымен қоса, алыс аудандардан келгендер де бар. Барлығы қаланың қақ ортасында орналасқан мына дәмханадан тамақтанған. Олар жалғыз дөнер емес, гамбургер және пиццадан да ауыз тиіпті. Қазір дәмхана жабылып, одан тексеріске қажетті сынамалар алынған. Қожайындары болса, түсінік беруден бастарын ала қашуда. Ал дәрігерлер асқа қандай бактерианың түскенін анықтайтын сараптама тағайындаған.
Гүлмира Бекзатова, Қарағанды облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері:
- Науқастардың бәрінен бактериологиялық сынамалар алынды. Олар аптаның соңына қарай дайын болады. Әзірге оларға жалпылама ішектің өткір инфекциясы деген диагноз қойып отырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!