Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтандағы жаңбыр суымен қалай күресетінін айтты
Алтай Көлгінов жаңбыр суымен қалай күресетінін айтты. Бас қаланың бас ауруына айналған мәселені шешу үшін үш жылдай уақыт қажет дейді әкім.
Автор: Досжан Маратұлы
23.08.2019
Айтуынша, қазірдің өзінде Бауыржан Момышұлы мен Тұран даңғылдарында арық жүйесін орнату жұмыстары жүріп жатыр. Өйткені, жаңбыр суы әсіресе осы көшелерге көп жиналады. Тіпті, мұнда тұрғындардың бірі жауыннан кейін резеңке қайықпен жүзгені есте. Дегенмен, топан сумен күресу Көлгінов үшін үлкен сын болары анық. Өйткені, бұған дейінгі әкімдер де Елорданы жауын суынан құтқаруға тырысқанымен, түк шықпады. Содан болар, Көлгінов мәселені толығымен шешуге уәде бермейтінін қазірден ескертіп жатыр.
Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:
- Сіздерге ештеңе деп уәде бермеймін. Бірақ жаңбыр суы жиналмау үшін арық жүйесін салып, жұмыс істейтін боламыз. Маған дейінгі әкімдер жобалық-сметалық құжаттамаларды дайындады. Енді соны жүзеге асыратын уақыт келді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!