{metadescription}
Президент: Қарағанды облысын өнеркәсібі дамыған аймаққа айналдыру қажет
Президент: Қарағанды облысын өнеркәсібі дамыған аймаққа айналдыру қажет

Президент: Қарағанды облысын өнеркәсібі дамыған аймаққа айналдыру қажет

Қарағанды облысын өнеркәсібі дамыған аймаққа айналдыру қажет. Мемлекет басшысы осы өңірге сапары барысында өндіріс орындарын аралап, аймақтың аяқ алысына оң баға берді. Алайда, ел бойынша шикізатты өңдеу секторындағы және өнімді экспорттауға қатысты түйткілдер шаш етектен екенін баса айтты.

Президент ұшақтан түсе сала бірден «Сарыарқа» арнайы экономикалық аумағына барды. Ондағы неміс технологиясымен жасалатын су мен мұнай құбырларына қажетті қосалқы бөлшектерді шығарып жатқан зауыт жұмысымен танысты. Сонымен қатар, ескі көліктерді қабылдайтын жерге де ат басын тіреді. Аталған зауыт жылына 50 мың көлікті балқытып, металлға айналдыратын қауқарға ие. Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағандыда салынған транзитті логистикалық орталықты да көрді. Онда азық-түлікті үлкен көлемде сақтап қана қоймай, саудалау да көзделген. Президент өткізген жиында қайта өңдеу секторын дамыту мәселелері қарастырылды. Өйткені соңғы кезде осы салаға құйлытын инвестиция көлемі азайып, дайын өнімді экспортқа шығару қиындаған. Тоқаев бұл саланы дамытуда инвесторларға келетін шығынды азайту керектігін де атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Зауыт салу қиын емес. Ал нысанға қажетті инфрақұрылымға қол жеткізу үшін 4 жыл уақыт кетеді екен. Бұл – өте ұзақ мерзім. Инвестор оны күтпейді. Одан да қаржыны шикізат өндірісіне құя салғанды қалайды. Сондықтан мемлекет пен жекенің әріптестігі аясында инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді өз мойнымызға алуымыз қажет. Ақырында бұдан ұтпасақ, ұтылмаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде