{metadescription}
Елімізде табиғат қорғау инспекторларына оқ өткізбейтін кеудеше берілуі мүмкін
Елімізде табиғат қорғау инспекторларына оқ өткізбейтін кеудеше берілуі мүмкін

Елімізде табиғат қорғау инспекторларына оқ өткізбейтін кеудеше берілуі мүмкін

Енді табиғат қорғау инспекторларына оқ өткізбейтін кеудеше берілуі мүмкін. Экология, геология және табиғи ресурстар министрігі қорықшылардың өлімінен соң заңды қатайтпақ. Ал құжатты дайындау ісімен ішкі істер министрлігі айналысып жатыр.

Ерлан Нысанбаев, Экология, геология және табиғи ресрурстар вице-министрі:

- Инспекторлардың қазасынан кейін Бас прокуратурамен бірге Мәжілісте жиын өткіздік. Сонда қауіптің алдын алу шараларына қатысты заңдарды күшейту туралы тапсырма берілді. Браконьерлермен күресте материалдық-техникалық базаны нығайту бойынша шаралар қолға алынады. Дрондар мен кеудеге тағылатын бейнекамералар, электрошокер мен травматикалық қару, жеке қорғаныс құралдарын қарастыру көзделіп отыр.

Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, инспекторлар қажетті қару-жарақпен қамтылған. Дегенмен, сақтық шараларын күшейту үшін полицейлер сияқты оқ өткізбейтін кеудеше беруді сұрап отыр. Дегенмен ішкі істер министрлігі оған рұқсат бере ме, жоқ па, ол жағы белгісіз. Бұдан бөлек, жауапты министрлік қарамағындағыларға арнайы жабдықталған қызметтік көлік беруді жоспарлап отыр. Осылайша, шенеуніктер браконьерлердің ізін кесу мақсатындағы шараны күшейтпек ниетте. Әйтпесе, табиғат қаскөйлері айылын жияр емес. Бір жарым жылдың ішінде 700-ден астам киікті қырып салған. Мұнымен қоймай, олардың биыл екі қорықшыны өлтіріп кеткені мәлім.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде