{metadescription}
Өліден ақша тілепті. Нұр-Сұлтанда полицейлер өлген адамдар жайлы мәліметті жерлеу бюросына сатқан
Өліден ақша тілепті. Нұр-Сұлтанда полицейлер өлген адамдар жайлы мәліметті жерлеу бюросына сатқан

Өліден ақша тілепті. Нұр-Сұлтанда полицейлер өлген адамдар жайлы мәліметті жерлеу бюросына сатқан

Нұр-Сұлтанда өлген адамдар жайлы мәліметтерді сатқан полицейлер істі болып жатыр. Погондылар жерлеу рәсімін өткізетін орталықтарға қаза тапқан адамдардың аты-жөні, мекен-жайы секілді мәліметтерді сатып, ақша тауып келген.

Анар Жарова, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы:

- Өлген адамдар жайлы мәліметті алған соң, ақылы жерлеу рәсімін өткізетін компания өкілдері бірден қаралы үйге барып қызметін ұсынып отырған. Мұндайда «Олар адам қайтыс болғанын қайдан білді?» деген сұрақ туындайды. Қазір мәлімет таратқандар ұсталып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Жерлеу рәсімін өткізетін орталықтармен ауыз жаласқан 9 полицейдің түгелі дерлік кезекші бөлімде қызмет етіпті. Басым бөлігінде майор шені болған. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, олар өлген адамдар жайлы ақпаратты 102 мәліметтер базасынан алып келіпті. Қазір барлығы қызметінен қуылып, басшыларына қатаң сөгіс жарияланған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде