{metadescription}
Қасым-Жомарт Тоқаев поэзия жауһарлары топтамасының тұсауын кесті
Қасым-Жомарт Тоқаев поэзия жауһарлары топтамасының тұсауын кесті

Қасым-Жомарт Тоқаев поэзия жауһарлары топтамасының тұсауын кесті

«Қазақ поэзиясының інжу-маржандары». Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен поэзия жауһарлары топтамасының тұсауы кесілді.

Әлібек Асқар, жазушы:

- Топ құрылды. Алдымен 30 шақты ақынның атыжөні ұсынылды. Соның ішінде 13 ақынды Президенттің өзі таңдап алды. Қазақ поэзиясының Эверестері 4-5 адам ғой – Абай, Мағжан, Қасым, Мұқағали. Алдымен осы төрт ақын айтылды.

Кейін тағы 9 ақынның таңдаулы туындылары іріктеліп алынды. Олардың ішінде Шәкәрім Құдайбергенов, Ілияс Жансүгіров, Жұбан Молдағалиев, Жұмекен Нәжімеденов, Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырза әлі, Фариза Оңғарсынованың шығармалары бар. Бұдан бөлек, Олжас Сүлейменов пен Мұхтар Шахановтың таңдаулы жыр жолдары қалың оқырманға жол тартты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Президенттің тікелей қолдауымен иісі қазаққа жол тартқан туындылар 1000 данамен жарыққа шықты.

Мұрат Әуезов, мәдениеттанушы, мемлекет және қоғам қайраткері:

- Жақсы бастама. Ал енді оның жалғасы болуы керек. Күрделі мәселеге жауап беретін поэзия болса, онда жастар да оқиды, жасы үлкендер де оқиды. Абайдың өлеңдерін көп жұрт оқитынына еш күмәнім жоқ. Мен оны жақсы білемін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде