Медициналық сақтандыру: Министр қарағандылықтарды тестілей бастады
Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілсе, басы ауырып балтыры сыздағандар азаяды. Қарағандыда осыны дәлелдеу мақсатында науқастардың ем-дом алуына бюджеттен 2 миллиард теңгеден аса қаражат бөлінген. Бұл туралы Қарағандыға осы жүйені тесттік негізде енгізуге келген денсаулық сақтау министрі мәлімдеді.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
28.08.2019
Аталмыш қаржыға өңірдегі 178 мың адам медициналық қадағалаудан өтеді. Сонымен қатар, жүрек ауруы, қант диабеті бар науқастар мен көптеген вирусты гепатитке шалдыққандар ем қабылдай алады. Бұл – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға көшсек, осындай қызметтерге қарық боламыз деген сөз екен.
«Жүйенің Қарағандыда тексеруден өтуі тегін емес», - дейді Елжан Біртанов. Өйткені өңірдегі барлық тұрғын электрондық тіркеуге алынған және қызмет көрсету, сатып алу сияқты жүйелер қағаздан компьютер жадысына көшілірген. Сондықтан жұмыс істеу де оңай болады. «Тестілеу барысында кемшін тұстарын түзеп те аламыз», - дейді ол.
Елжан Біртанов, Денсаулық сақтау министрі:
- Сақтандыруды тексеріп алу, жобадағы әлсіз тұстарды анықтап, оны 1ші қаңтарға дейін түзетуге мүмкіндік береді. Біз нормативті-құқықтық базаға, ақпараттық жүйелердің дайындығына, медициналық қызметті тұтынушылардың есебіне және сатып алу мен төлемдер жасаудың ерекшеліктеріне баса назар аударамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!