{metadescription}
Дәрі-дәрмек беру электрондық форматқа көшірілуі мүмкін
Дәрі-дәрмек беру электрондық форматқа көшірілуі мүмкін

Дәрі-дәрмек беру электрондық форматқа көшірілуі мүмкін

Дәрі-дәрмекті беру рецептісі электрондық форматқа көшірілуі мүмкін. Бүгінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында таблеткаларды беру түгелдей цифрландырылған. 

Тұрғындар қажетті түйіршекті алу үшін рұқсат қағазын құшақтап дәріханаға жүгірмейді. Тек мобильді қосымшаға кіріп, электронды денсаулық паспорты арқылы қажетті дәріге қол жеткізеді. Ал бұл қосымша қыркүйекте іске қосылуы тиіс. Бұл бір жағынан науқасқа мемлекеттен тегін берілетін дәрі-дәрмектің уақытылы жеткенін қадағалауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан қазына қаржысын үнемдеуге жол ашады. Мәселен, 2017 жылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 116 млрд бөлінсе, өткен жылы 38 млрд теңгеге азайған.

Людмила Бюрабекова, Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы:

- 2020  жылдан бастап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында ғана емес, рецепт беруді түгелдей электронды форматқа көшіру жоспарланған. Яғни дәрідәрмек берудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне жеке медициналық ұйымдарды мен дәріханаларды қосу көзделген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде